Премиум-серия
Шырынсыққыштардың, батырмалы блендерлердің және премиум сериялы шайнектердің ерекшеліктері туралы көбірек біліңіз.
Күн сайын дәруменді қуаттауға арналған шырынсыққыш
Жаңа Panasonic шырынсыққыштарымен дәрумендерді күн сайын алуға болады. Қуатты құрылғылар жемістермен де, қаттылау көкөністермен де бірдей оңай жұмыс істейді. Шырынсыққыштарды пайдалану өте ыңғайлы – сіз алманы бірден тұтастай сала аласыз. Ал оның шүмегі бір тамшысын жоғалтпай қатарынан бірнеше стакан толтыруға мүмкіндік береді.
Дәмді және пайдалы тағамдарға арналған батырмалы блендер
Салауатты тағам дайындау көп уақытты қажет етпеуі керек. Етті, көкөністерді немесе жемістерді ұсақтау, езбе, омлет немесе дәруменді коктейль жасау енді барынша оңай және ыңғайлы! Жаңа Panasonic блендері айналу жылдамдығын біркелкі реттеуге және қажетті өнім консистенциясына қол жеткізуге мүмкіндік береді, ал инновациялық 4 жүзді пышақ (екеуі араластыру үшін, екеуі ұнтақтау үшін) тамаша нәтиже береді.
Тамаша таңғы асқа арналған шайнек
Тамаша таңғы астың ажырамас бөлігі — бір кесе дәмді ыстық шай. Корпусы тот баспайтын болаттан жасалған ыңғайлы және сенімді Panasonic шәйнектері оны дайындауға көмектеседі. Стильді дизайны, қуаттың жарық индикаторы, қос су деңгейінің шкаласы, қақ түзілуіне қарсы сүзгісі және бір рет басу арқылы оңай ашылатын қақпағы – осының бәрі оларды әр ас үй үшін тамаша шешім етеді.