LUMIX S

LUMIX S

ЫМЫРАСЫЗ ТОЛЫҚ КАДРЛЫ КАМЕРА

ПРЕСС-РЕЛИЗ

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Алғашқы толық кадрлы айнасыз Panasonic камерасын назарыңызға ұсынамыз
LUMIX S жаңа сериясы

Panasonic корпорациясы 35 мм толық кадрлы сенсормен сандық айнасыз камералардың екі моделін әзірлеп шығарды: LUMIX S1R және S1. Бұл модельдер әлемдегі*¹ алғашқы 4K 60p/50p сапасында бейнеге түсіру функциясымен және қосарлы кескін тұрақтандырғышымен жабдықталған. LUMIX S жаңа сериясының модельдері 2019 жылдың басында сатылымға шығады деп күтілуде.

Құрылған сәттен бастап 100 жыл бойы Panasonic бүкіл әлемдегі тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысу арқылы олардың өмір сүру сапасын жақсартуға ұмтылып келеді. Сандық дәуірде жаңа фотосурет мәдениетін құру тұжырымдамасымен жұмыс істей отырып, 2008 жылы Panasonic әлемдегі*² алғашқы сандық жүйелік айнасыз LUMIX G1 камерасын шығарды. Келесі он жылдың ішінде компания фотоиндустрия саласында 4K сапасында бейнеге түсіруге қолдау көрсететін әлемдегі*³ алғашқы камера, сонымен қатар, қосарлы кескін тұрақтандырғышымен жабдықталған камералардың модельдері сияқты инновациялық өнімдерді жасау бойынша көшбасшы болуын жалғастырды. Жүйе (кескінді тұрақтандыру) камераның корпусында және объективте тұрақтандыру жұмысын біріктіреді.

Соңғы жылдары телекоммуникациялық желілердің өткізу қабілетінің және әлеуметтік желілерде бейнероликтерді жариялау танымалдығының өсуіне қарай көбіне-көп адамдар мазмұн жасау бойынша мүмкіндіктерін кеңейтетін, фотосуретке және бейнеге түсіру функциялары бар гибридті камераларға таңдау жасауда. Сол үшін, мүмкіндіктері кәдімгі фотосуретке және бейнеге түсіру шегінен шығатын камераның жаңа түріне қажеттілік туындады.

Нарықтың қажеттіліктеріне жауап бере отырып, Panasonic фотосурет үшін де, бейне үшін де шығармашылық мүмкіндіктерге маңызды акцент қою арқылы сандық айнасыз камераларды өндіруге кірісті. Panasonic корпорациясы өз жұмыстарының шығармашылық мәнерлілігін арттырғысы келетін клиенттер үшін «ерекше құндылықты» қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, оларды LUMIX S жаңа сериясының аясында таныстырады. Бұл камералар кәсіби фотосуретке және бейнеге түсіруге арналған құралдардың ажырамас сапасы болып табылатын ыңғайлылық пен сенімділікке ие. Олар тұтынушылық электроника нарығында жүз жыл бойы және жүйелік айнасыз камералар саласында он жыл бойы тәжірибеден өткен бірқатар Panasonic технологияларын: сандық технологияларды, оның ішінде кескін мен сигналдарды өңдеу, сонымен қатар, оптикалық және жылу дисперсиясы технологияларын және тағы басқаларды біріктіреді. Жоғарыда айтылғанның бәрін біріктіру фотосуретке және бейнеге түсіру саласындағы тұтынушылар үшін жаңа мүмкіндіктерді жасайды.

LUMIX S1R және S1 жаңа камераларының негізгі сипаттамалары:

  1. Жаңа 35 мм толық кадрлы сенсордың және кескіндерді өңдеу процессорының есебінен шығармашылық мәнерліліктің жоғары ажыратымдылығы мен кең мүмкіндіктері (Тиімді пиксельдер: S1R үшін шамамен 47 миллион және S1 үшін 24 миллион)
  2. Толық кадрлы сандық айнасыз камерада 4K 60p/50p сапасында бейне түсіруге әлемдегі*¹ алғашқы қолдау көрсету
  3. Қараңғыда немесе қолмен теледиапазонда – бұрын ол үшін штатив не басқа жабдық қажет болатын – түсіруге мүмкіндік беретін Dual I.S. тұрақтандыру жүйесімен жабдықталған әлемдегі*¹ алғашқы камера.
  4. XQD және SD пішіміндегі жад карталарына арналған екі жалғағыш алғаш рет Panasonic камераларына орнатылды; сонымен қатар, камераны пайдалануды жеңілдететін және кәсіби фотосуретке және бейнеге түсіру үшін өте пайдалы, төзімді үш осьтік көлбеу СК-экран.
  5. Leica L-Mount байонеті L-Mount серіктестерінің *⁴, Leica Camera және Sigma сипаттамаларына сай келетін ауыстырмалы объективтерін пайдалануға мүмкіндік береді. Шығармашылық мәнерліліктің мүмкіндіктері ауыстырмалы объективтерді пайдаланудың арқасында одан әрі кеңейеді.

Panasonic LUMIX S сериялы камералармен үйлесімді объективтердің желісін кеңейтеді және 2020 жылға қарай оннан астам модельдерді, оның ішінде 50 мм/F1.4 фикс-объективін, 24-105 мм стандартты зум-объективін және масштабтау мүмкіндігі бар 70-200 мм телеобъективін шығаруды жоспарлап отыр.

«Микро 4/3» стандартының LUMIX G желісі үшін Panasonic LEICA DG VARIO-SUMMILUX 10-25 мм F1.7 объективін әзірлеуді бастады, бұл фокус қашықтығының барлық диапазонында максималды жарық күші F1.7 болатын әлемдегі*⁵ алғашқы зум-объектив болады. Сондай-ақ, өткен жылы сәуір айында Жапонияда іске қосылған, кәсіби фотографтар мен видеографтарға арналған қызметтік қолдау көрсету бағдарламасы осы жылы Еуропа және АҚШ аумағында қолжетімді болады.

LUMIX GH5, G9 және GH5S сандық айнасыз камераларының жоғары технологиялық модельдері фотосурет пен бейненің тамаша сапасының, функционалдың, пайдалану ыңғайлылығының және сенімділігінің арқасында бүкіл әлем бойынша кәсіпқойлар мен әуесқойлар арасында құрметке ие болып үлгерді. Бұл жетістікке олар әлемдегі*⁶ алғашқы 4K 60p/50p сапасында бейне түсіруге қолдау көрсетудің, сонымен қатар, Panasonic компаниясына тиесілі DFD технологиясының (фокуссыздандыру тереңдігі) көмегімен әлемдегі ең жылдам автоматты фокустау*⁷ жүйесінің арқасында жетті. Panasonic LUMIX G сериясын дамытуды, сонымен қатар, LUMIX S жаңа модельдерінің көмегімен кәсіби нарықты жаулап алуды, кәсіби фотографтар мен видеографтарға арналған қызметтік қолдау көрсету бағдарламасын іске қосуды жалғастырады. Осы күш-жігер арқылы Panasonic фотосуретке және бейнеге түсірудің жаңа мәдениетін жасауға көмектеседі.

Жоғарыда айтылған камералар мен объективтердің прототиптері 2018 жылы*⁸ Photokina көрмесінде көрсетіледі.

Ескертулер
*¹. 4K 60p/50p пішімінде бейне жазуға қолдау көрсету мүмкіндігімен әлемдегі алғашқы толық кадрлы айнасыз камера. Ауыстырмалы объективтер жүйесі бар толық кадрлы сандық камераларда Dual I.S. Кескінді қосарлы тұрақтандыру жүйесін пайдалану. Panasonic деректеріне сәйкес, 2018 жылы 25 қыркүйек күні Германияда жариялау кезінде.
*². Ауыстырмалы объективтер жүйесі бар сандық камералар үшін. Panasonic деректеріне сәйкес, 2008 жылы 12 қыркүйек күні.
*³. Panasonic деректеріне сәйкес, 4K ажыратымдылығында бейне түсіруге қолдау көрсететін GH4 сандық айнасыз камерасы (2014 жылғы 7 ақпан күнгі – сандық айнасыз камера ретінде) және Dual I.S қосарлы кескінді тұрақтандыру жүйесі бар GX8 сандық айнасыз камерасы (2015 жылғы 16 шілде күнгі – ауыстырмалы объективтер жүйесі бар сандық айнасыз камера ретінде).
*⁴. «L-Mount Alliance: Leica Camera, Panasonic және SIGMA компанияларының арасындағы стратегиялық ынтымақтастық» (Германияда 2018 жылғы 25 қыркүйекте жарияланған)
*⁵. Мұндай жүйелерге қолдау көрсететін сандық камераларда ауыстырмалы объективтерді пайдалану үшін. Panasonic деректеріне сәйкес, 2018 жылы 25 қыркүйек күні Германияда жариялау кезінде.
*⁶. Сандық айнасыз камера ретінде. Panasonic деректеріне сәйкес, 2017 жылы 4 қаңтар күні.
*⁷. Ауыстырмалы объективтер жүйесі бар сандық камералар үшін. Panasonic деректеріне сәйкес, 2017 жылы 8 қараша күні.
*⁸. Photokina – бұл фотосурет пен кескін индустриясындағы жетекші көрме (Германияның Кельн қаласында 2018 жылдың 26–29 қыркүйегі аралығында өтеді).

• LEICA бұл Leica Microsystems IR GmbH компаниясының тіркелген сауда белгісі болып табылады.
• SUMMILUX және L-Mount бұлар Leica Camera AG компаниясының тіркелген сауда белгілері болып табылады.

ЖАҢА ӨНІМДЕР ТУРАЛЫ КӘСІПҚОЙЛАРДЫҢ КӨЗҚАРАСЫ

LUMIX L-MOUNT LENS

L-MOUNT БАЙОНЕТІМЕН LUMIX ОБЪЕКТИВТЕРІ

L-MOUNT БАЙОНЕТІМЕН LUMIX ОБЪЕКТИВТЕРІ

2020 жылға қарай объективтердің 10-нан астам моделі шығарылады

ТАНЫСТЫРУ БЕЙНЕСІ

ТАНЫСТЫРУ БЕЙНЕСІ

LUMIX – әлем кәсіпқойдың көзімен

LUMIX LIVE@Photokina 2018