LUMIX G деген не?
Инновациялық жүйелік шағын фотокамералар
LUMIX G камерасында пайдаланылатын «Микро 4:3» жүйесінің стандарты фотокамера туралы қалыптасқан түсініктерді түбегейлі өзгертеді
2008 жылдың қыркүйек айында «Микро 4:3» жүйесінің стандартын қабылдау және айна шахтасынсыз және оптикалық көрсеткіш тетіксіз фотокамераны әзірлеу әлемдегі алғашқы айнасыз DMC-G1 фотокамерасын жасау үшін негізін қалады, бұл сандық айнасыз камералар әлемінде жаңа дәуірдің басталғанын білдірді. Осының бәрі тамаша кескін сапасымен бірге жаңа сандық айнасыз фотокамераны жасауға мүмкіндік берді, бұл камерада Live view режиміне тұрақты қолдау көрсету, жоғары дәлдікпен жоғары жылдамдықты контрастылы АФ функциясы, Full HD сапасында бейне жазу және тағы басқалар қарастырылған. LUMIX G сериялы фотокамераны үнемі жетілдіріп отырудың арқасында фотосурет өнерінің жаңа стандарттары нақтылы түрде іске асты.
Live МОП-матрицасы және Venus процессоры
Динамикалық диапазоны кең және энергияны аз тұтынатын 4:3 типті Live МОП-матрицасы және шу деңгейін өте жақсы төмендететін, кескіндерді өңдеуге арналған Venus процессоры LUMIX G сандық айнасыз фотокамерасының көмегімен жасалған фотосуреттер мен бейнелердегі айрықша кескін сапасының кепілі болып табылады. Live МОП-матрицасы және Venus процессоры жоғары жылдамдықпен сигналдардың көп мөлшерін үйлесімді түрде өңдейді, бұл Full HD пішімінде бейне жазуға мүмкіндік береді. Panasonic компаниясы LUMIX G фотокамерасын шаң мен басқа бөгде заттардың матрицаға түсуіне жол бермейтін ультрадыбыстық толқындардың сүзгісі бар шаңнан қорғау жүйесімен жабдықтады.
LUMIX G / LEICA DG объективтері
LUMIX G фотокамераларында «Микро 4:3» жүйесінің стандартына сай LUMIX G / LEICA DG объективтері пайдаланылады. Жақында LUMIX G желісі тиімділігі жоғары X сериялы объективтермен толықтырылды, олар Panasonic озық оптикалық технологияларын біріктіреді. Олар шынайы текстуралармен және анық әрі дәл контрастпен кескіндерді ойнатудың ең жоғары сапасын қамтамасыз етеді, сонымен қатар, наножабынмен бірегей беті сәулелер мен шұғылаларды барынша азайтады.
Жоғары сапалы бейне
LUMIX G объективтері бейне жазу кезінде тек реңктердің біркелкі градациясын ғана емес, сонымен қатар, кескінге ерекше шынайылықты беретін, түсті өте жақсы көрсететін жоғары ажыратымдылықты да қамтамасыз ету арқылы жоғары сапалы мәнерлі кескіндерді жасауға мүмкіндік береді.
Бейне жазу үшін тапсырмалардың кең спектріне арналған көптеген пішім параметрлері мен бит жылдамдығын баптау қарастырылған. Сонымен қатар, түсіру процесін икемді ұйымдастыруға арналған қосымша керек-жарақтарды қосуға мүмкіндік беретін түйіспелер де бар. LUMIX G объективтері кәсіби бейне жазуға арналған Panasonic компаниясы әзірлеген озық технологияларды пайдалану арқылы жасалған.
«Микро 4:3» жүйесінің стандарты негізінде
LUMIX G объективі «Микро 4:3» жүйесінің стандартына сай келіп қана қоймай, сонымен қатар, шамамен екі есеге қысқартылған жұмыс бөлігі (бекіту жазықтығынан датчикке дейінгі қашықтық), объектив байонетінің шамамен 6 мм-ге кішірейтілген сыртқы диаметрі және байонеттің электрлік түйіспелерінің көбейтілген саны (9–11* аралығында) сияқты ерекшеліктердің арқасында көп жағдайда осы стандарттан асып түседі.
Камераның корпусы ғана емес, сонымен қатар, «Микро 4:3» жүйесінің объективтері де кішкентай болды. Әсіресе, осы стандартқа сай келетін кең бұрышты және қуатты зум-объективтері едәуір кішірейіп қалды. Дегенмен, мұндай кішірею 4/3 типті матрица үшін кескін сапасының нашарлауына алып келмеді.
*Матрицаның диагональ өлшемі «4:3» жүйесінің стандартында және «Микро 4:3» жүйесінің стандартында қарастырылғандай күйде қалды.
Шағын және жеңіл корпус
Айнасыз жүйеде айнаны жылжыту үшін орын қажет емес және пентаайна жоқ. Бұл жұмыс бөлігін қысқартуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде корпусты шағын етеді.
Объективтің шағын конструкциясы
LUMIX G / LEICA DG объективтері – өте кішкентай және жеңіл. Солай болса да, олар озық оптикалық және өз саласындағы үздік сандық технологияларды үйлестірудің арқасында таңғаларлық сапалы кескіндерді жасауға мүмкіндік береді.
Light Speed AF жүйесі
LUMIX G объективі жоғары жылдамдықты Light Speed AF автоматты фокустау жүйесімен жабдықталған, осы жүйенің көмегімен өткінші сәттерді түсіріп алуға болады. Мысалы, спорттық жарыстарды түсіру немесе жануарларды түсіру кезінде, қозғалмалы нысандарды жылдам фокустай аласыз.
Контрастылы автоматты фокустаудың жоғары дәлдіктегі жүйесі
Контрастылы АФ жүйесі тіпті F санының мәндері кішкентай болғанда да түсіру кезінде жоғары дәлдігімен ерекшеленеді. Контрастылы АФ жүйесінің жұмысы матрицамен бақыланады, бұл механикалық қателіктерді болдырмайды және фокустаудың жоғары дәлдігін қамтамасыз етеді.
Бұрылатын монитор және электронды көрсеткіш тетік
LUMIX G сандық айналы фотокамералары Live View көрсеткіш тетігі мен бұрылатын артқы монитордың арқасында кадрлеуге өте ыңғайлы. Сондай-ақ, түсірілім жағдайларына және кадрді құрастыруға байланысты қараудың ыңғайлы әдісін таңдауға болады, бұл белсенді фотографтарға өте жақсы сай келеді.
Сенсорлы экранжы пайдалану
Сенсорлы экран фотокамерамен жұмыс істеу қолайлығын қосымша арттырады. Осы мақсатта түсіруге арналған сенсорлы босату, фокустауға арналған сенсорлы АФ (тіпті бейне жазу кезінде де) және кескіндерді лезде іздеу үшін қарау кезінде сенсорлы айналдыру мүмкіндігі қарастырылған.
Live View тұрақты режимі
Live View көрсеткіш тетігі мен артқы монитор түсірілім нысандарын жүз пайыздық көру өрісімен нақты уақыт режимінде үнемі қарап отыруға мүмкіндік береді. Түсірілім басталғанға дейін айқындық тереңдігі мен ұсталымды растай аласыз.
Wi-Fi® әмбебап функциялары
LUMIX G объективтерінің жаңа сериясы Wi-Fi ® арқылы желіге қосылуды қарастырады (IEEE 802.11b/g/n). Panasonic Image App қолданбасының арқасында смартфонды не планшетті масштабтауға, фокусты орнатуға және түсіруге арналған монитор не басқару пульті ретінде пайдалануға болады.
Шығармашылық басқару
LUMIX G фотокамерасындағы шығармашылық басқару режимі арқылы шығармашылық процесс анағұрлым оңай болады. Тіпті әдеттегі заттардың кескінін түбегейлі өзгерту арқылы өзіңіздің бүкіл шығармашылық потенциалыңызды аша аласыз.
*Қолжетімді әсерлер модельге байланысты әртүрлі болады.