LUMIX G90 камерасының арнайы мүмкіндіктері

LUMIX G90 камерасының арнайы мүмкіндіктері

LUMIX G90 камерасында әртүрлі жағдайларда тамаша жинақтылықпен фотосуретке және бейнеге түсіруге арналған көптеген функциялар бар.

LUMIX G90 камерасының арнайы мүмкіндіктері
LUMIX G90 камерасының арнайы мүмкіндіктері

Төмен жарықтандыру кезінде автоматты фокустау

Біз кешкі немесе тұманды пейзаждарға тән нашар жарықтандыру мен төмен контраст жағдайларында автоматты фокустауды жақсарттық. Енді -4 EV дейінгі экспозициямен түсіруге және тіпті айдың жарығында да фокустауға болады.

* ISO100, F2, AFS болғанда. 100% контрастылы нысана.

LUMIX G90 камерасының арнайы мүмкіндіктері

Түнде түсіруге арналған пайдалы функциялар

Live View Boost функциясы: Экран кадрлардың жиілігін азайту және күшейтуді арттыру есебінен жарық болады. Бұл тіпті қараңғыда да түсіруге мүмкіндік береді.
Starlight AF функциясы: Түпнұсқалық алгорит кішігірім контрастылы аймақтарды анықтап, тіпті жұлдыздар сияқты білінер-білінбес жарық көздерінде де фокустауға мүмкіндік береді.
MF Assist 20x фокустау көмекшісі: Қолмен фокустау кезінде аумақты үлкейту 20x дейін кеңейтілді. Фокусты қолмен шебер баптау жұлдыздар сияқты өте кішкентай өлшемдегі нысандарда фокустауға мүмкіндік береді.

Соққысыз және тыныш ысырма

Соққысыз және тыныш ысырма

Ысырманың блогы электрмагниттік жетекпен басқарылады, бұл іске қосылған кезде соққы әсерін айтарлықтай азайтады. Бұл кескіндердің айқындығын қамтамасыз етеді, бұл әрбір бөлшегі маңызды болып табылатын пейзаждық фотосурет сияқты түсірілім түрлерінде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, бұл ысырманың жұмысын айтарлықтай дыбыссыз етеді, бұл тыныштық сақтау маңызды жағдайларда механикалық ысырманы таңдауға мүмкіндік береді.

AWBw

AWBw

Ақ түс балансын автоматты баптауды пайдалану кезінде AWBw жаңа режимі қолжетімді болады, бұл AWB (стандартты) және AWBc (көгілдірлеу) режимдеріне қосымша ретінде қызылдау реңкті сақтайды.

LUMIX G90 камерасының арнайы мүмкіндіктері

Күшті монохромды режимдер

L. Monochrome және L. Monochrome D – бұл реңктерді бұрынғыдан да шебер ауыстыруға қол жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа қара-ақ түсіру стильдері. Monochrome режимі сияқты олар да динамикалық ауқымды басқаруға және қара-ақ суреттерді жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, осы режимдердің әрқайсысын төменгі, стандартты немесе жоғарғы деңгейде түйіршіктілік әсерімен бірге пайдалануға болады. Қара түстің бай реңктерімен және түйіршікті текстурамен қара-ақ таспаның барлық тартушылығы қолыңызда болған кезде, тіпті ең қарапайым заттардың өзі адам сенбейтіндей бірдеңеге айналуы мүмкін.

LUMIX G90 камерасының арнайы мүмкіндіктері

Интуитивті түсінікті көрсеткіш тетік

Корпус көрсеткіш тетікке қарап тұрып, камераны басқару оңай болатындай етіп әзірленген, ал ұстау тұтқасы тіпті бір қолмен де тұрақты түсіруге мүмкіндік береді. Ақ түс балансы, ISO және экспозиция өтемі сияқты жиі қолданылатын функциялар түймелер мен дөңгелекшелердің көмегімен оңай бапталады. Олар сұқ саусақ пен бас бармақтың астында орналасқан, бұл жұмысты анағұрлым интуитивті етеді. Тамаша мобилділік түсіру мүмкіндіктерін кеңейтеді.

LUMIX G90 камерасының арнайы мүмкіндіктері

Берік корпус әртүрлі ауа райы жағдайларында жұмыс істеуге мүмкіндік береді

Берік корпус қиын түсірілім жағдайларында жұмысқа дайын. Магний қорытпасынан жасалған алдыңғы қаңқа жоғары төзімділікке ие, ал барлық тігістер, басқарушы дөңгелектер мен түймелер тығыздағышпен қорғалған. Жалпы алғанда, барлық камера шаңнан және ылғалдан қорғалған.* Осы ерекшеліктердің бәрі бірге кең ауқымды ауа райы жағдайларында жайлы және өнімді түсірілімді қамтамасыз етеді.

* Шаңнан және ылғалдан қорғау камера ылғалмен және сумен тікелей жанасқан жағдайда зақым келмейтініне кепілдік бермейді.

USB арқылы зарядтаудан қуат беру

USB арқылы зарядтаудан қуат беру


USB кабелінің көмегімен портативті зарядтау құрылғысының немесе жеке компьютердің аккумуляторын зарядтай аласыз. Сонымен қатар, тура түсірілім кезінде сыртқы қуат беру көзіне камераны қоса аласыз, бұл бейнеге түсіру кезінде немесе студияда ұзақ жұмыс істеген кезде өте ыңғайлы.

Сыртта белсенді түсіру үшін аккумулятордың ұзартылған жұмыс уақыты

Сыртта белсенді түсіру үшін аккумулятордың ұзартылған жұмыс уақыты

Екі батареяны пайдаланудың арқасында – біреуі камерада, екіншісі батарея тұтқасында – DMW-BGG1 зарядтаусыз камераның жұмыс уақытын екі есеге арттырады. LUMIX G90 үшін арнайы жасалған бұл аксессуар тіпті тігінен түсіру кезінде де ыңғайлы ұстауды қамтамасыз етеді. Ол камерамен тамаша үйлеседі, формасы камерадағымен бірдей түймелермен және дөңгелекшелермен жабдықталған. Сондай-ақ, батарея тұтқасы да шаңнан және ылғалдан жақсы қорғалған.*

* Шаңнан және ылғалдан қорғау батарея тұтқасы шаңмен не сумен тікелей жанасқан кезде зақымдалмайтынына кепілдік бермейді.

Қашықтан басқару – Bluetooth 4.2 / Wi-Fi®

Қашықтан басқару – Bluetooth 4.2 / Wi-Fi®

Bluetooth 4.2 (энергияны аз тұтынады) суреттерге түсіруге, сонымен қатар, смартфонның не планшеттің көмегімен бейнеге түсіруді іске қосуға және тоқтатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, масштабтау және фокустау сияқты функцияларды басқару үшін, Android/iOS операциялық жүйесіне арналған Panasonic Image қолданбасын пайдалануға және Wi-Fi® арқылы әлеуметтік желілерде кескіндерді бөлісуге болады.

• Wi-Fi CERTIFIED™ логотипі Wi-Fi Alliance® корпорациясының сауда белгісі болып табылады. • Bluetooth® мәтіндік таңбасы мен логотиптері Bluetooth SIG Inc. корпорациясына тиесілі тіркелген сауда белгілері болып табылады және Panasonic корпорациясының мұндай белгілер мен логотиптерді кез келген жағдайда пайдалануы лицензия аясында жүзеге асырылады. Басқа сауда белгілері мен атаулары сәйкес компанияларға тиесілі.

LUMIX G90 камерасының арнайы мүмкіндіктері

Сәтті өткізіп алмаңыз – 4K ФОТОСУРЕТ

4K ФОТОСУРЕТ бірегей функциясы 30 к/с жылдамдығымен түсірілген бейнеқатардан кадрларды таңдауп, оларды 8 Мп ажыратымдылығындағы фотосуреттер ретінде сақтау арқылы мінсіз сәтті түсіріп алуға мүмкіндік береді. Өтпелі сәттерді жіберіп алмаңыз!

4K ФОТОСУРЕТ режимінде автоматты таңбалау

4K ФОТОСУРЕТ режимінде автоматты таңбалау


Автоматты таңбалау функциясы сәтті шыққан суретті таңдау процесін жеңілдетеді. Шығармашылықпен айналысуыңызға біраз уақыт босату үшін, камера қимылдарды немесе адамдардың беттерін анықтап, сәйкес суреттерді автоматты түрде таңбалайды.

4K ФОТОСУРЕТ режиміндегі Sequence Composition функциясы (кадрлар бірізділігінің композициясы)

4K ФОТОСУРЕТ режиміндегі Sequence Composition функциясы (кадрлар бірізділігінің композициясы)

Sequence Composition функциясы (кадрлар бірізділігінің композициясы) 4K ФОТОСУРЕТ режимі үшін жаңа шығармашылық мүмкіндіктерін ашады. 4K ФОТОСУРЕТ режимінде алынған бірнеше кескіннен құралған бірегей кескіндерді жасай аласыз.

Фокустаудан кейін / Айқындық аймақтарын қосу

Фокустаудан кейін / Айқындық аймақтарын қосу

Panasonic 4K технологиясы кадрдағы фокустауды, ол түсіріліп қойғаннан кейін де өзгерту мүмкіндігін ұсынады. Фокустаудан кейін функциясының көмегімен суреттегі айқындық аймақтарын таңдаңыз. Не болмаса, Айқындық аймақтарын қосу функциясының көмегімен дайын суреттегі айқындық өрісінің тереңдігін реттеңіз.