Берлин көшелеріндегі шағын шығармашылық

Берлин көшелеріндегі шағын шығармашылық

Берлин көшелеріндегі шағын шығармашылық

Текстуралар мен контрасттар қаласындағы классикалық стиль мен соңғы технологиялардың қосындысы

Біз фотограф Берни Дэчантқа және қоюшы-оператор Бенджамин Тоддқа жаңа LUMIX LX100 камерасын Еуропаның ең әдемі қалаларында сынап көруді ұсындық.

 

Берни Дэчант

Берни Дэчант

Нью-Йорк қаласының фотографы Берни өз мансабын графикалық дизайнер ретінде бастаған. Оның жетекшілігімен Adobe.com үшін әлемге әйгілі жобалар және алғашқы Apple онлайн-дүкені әзірленген. Бразилияға саяхаттағаннан кейін ол өз өмірін көркем және коммерциялық фотосуретке арнауға шешім қабылдаған. Бернидің туындылары дүние жүзіндегі мұражайлар мен галереяларда, соның ішінде Куритибадағы (Бразилия) Оскар Нимейер атындағы мұражайда және Валенсиядағы (Испания) Заманауи өнер институтында қойылған.

Дэчант Берлин жайлы

Дэчант Берлин жайлы

Көптеген мәдениеттің жарқын қаласы, каналдар мен қоғамдық кеңістіктердің қаласы, Берлин – бұл классикалық және заманауи сәулеттің түрлі-түсті қосындысы, кез келген фотограф үшін нағыз құмсалғыш. Қала көптеген алшақтатылған аудандарға үлкейіп кетті, бірақ Берлинде велосипедшілерді құрметтейді. Велосипедті іздеп тауып алып, LX100 камерасын жабдықтап алып, мен қалалық джунглиді зерттеуге аттандым.

Сандық және аналогтық технологиялардың таңғажайып үйлесімі

Сандық және аналогтық технологиялардың таңғажайып үйлесімі

Бәрінен бұрын сандық камераларда ысырманы, диафрагма мен ұсталымды басқарудың аналогтық функциялары болмауы маған қиын болды – осы тетіктермен жұмыс істегенді жақсы көремін. LX100 оларды кері қайтарып, лайықты орнына қойды.

Әмбебап объектив

Әмбебап объектив

Бұл кіп-кішкентай объектив – сондай ғажап! Фокустық арақашықтығы 24 пен 75 мм аралығында, максималды диафрагма кең бұрышты режимде F1.7 дейін, ал теле режимде F2.8 дейін. Қолыңызда бір уақытта кең бұрышты, стандартты және портреттік линзалар тұрған секілді. Максималды жарық диафрагма тіпті нашар жарықтандырылған орындарда жарқылсыз түсірілімдер жасауға және фонның үстіндегі нысанды ерекшелеу үшін айқындылық шегін азайтуға мүмкіндік береді. Ең бастысы, камераны өшірген кезде объектив кішкене кекс өлшеміндей шағын конструкцияға жиналады.

Көптеген шығармашылық құралдары

Көптеген шығармашылық құралдары

LX100 камерасының жылдамдығы жоғары автофокусы мен айқын көрсеткіш тетігі кез келген фотографтың озат көмекшісіне айналады. Сонымен қатар, мен көптеген шығармашылық құралдарын, мысалы, бейнені 4K пішімінде егжей-тегжейіне дейін жазу сияқты функцияларды тауып алғаныма қуаныштымын.

Берлин көшелеріндегі шағын шығармашылық
Бенджамин Тодд

Бенджамин Тодд

Кинооператор дипломын алғаннан кейін, Бенджамин жаңалықтар мен журналистика саласында өз бейімділігін тапты. Ол бүкіл әлем бойынша саяхаттап, деректі фильмдермен жұмыс жасады – осылайша ол мазмұнды сюжеттерді тез түсіріп, өңдеуді үйренді және жеңіл әрі әмбебап камералардың артықшылықтарын түсінді. Қазір Бенджамин музыкалық клиптерді, драмалар мен жарнамалық роликтерді түсірумен айналысады.

Тодд Берлин жайлы

Тодд Берлин жайлы

Бай тарих, ескі және заманауи ғимараттардың қатар тұруы Берлинді тамаша драмалық көрініске айналдырады. Мұнда көптеген әртүрлі текстуралар мен беттер кездеседі – мысалы, тас қабырғалардың шыныда шағылысуы. Дәл осындай бөлшектер мен контрастың арқасында Берлин 4K пішімінде түсіруге сөзсіз арналған. Тек осы пішімде ғана Бранденбург қақпаларының тас оюы мен Рейхстагтың бұралған болатының барлық ұлылығын жеткізуге болады. Тіпті Берлиндегі жарық та ерекше – қаланың барлық жерінде дерлік өте ұзын көлеңкелерді таба аласыз. Әдетте, ашық жарық пен қара түнектің қосындысын бір кадрда сандық камералармен түсіру қиын, бірақ LX100 камерасы кең экспозиция интервалының арқасында бөлшектерге нұқсан келтірмей, контрастты тамаша көрсетеді.

Кинематографиялық камера

Мені LX100 камерасындағы 4K пішімінде түсіру режимі қатты қуантты – бейнеде егжей-тегжейіне дейін көрсету тіпті керемет! Мұнда Микро 4/3 сенсоры мен Lecia F1.7-2.8 объективін қосыңыз – сонда, сізде бұлыңғыр фокустаумен тиімді бейне жазуға мүмкіндік беретін фотоаппарат болады. Мен көптеген түсірілім опциялары туралы айтып тұрғаным жоқ, мысалы, баяулатылған қозғалыста тамаша бейнелер жазуға арналған 60p Full HD пішімі.

Қолайлы дизайн

LX100 камерасында сенімділік байқалады, бірақ ауырлық сезілмейді. Оны қолыңызда ұстау бір ғанибет, ал оның байсалды дизайны классикалық аналогтық фотосурет дәуірін еске түсіреді. Мұның бәрі тек көрсету үшін ғана емес: LX100 диафрагмасының сақинасы, ысырма дөңгелекшесі және ұсталымы шынымен де фотосуретке түсіруді қуаныш сыйлайтын шығармашылық процеске айналдырады.

Сарапшының көзқарасы

Маған қолмен фотосуретке түсіру кезінде үнемі алдын ала қарау опциясы ұнады. Кескінді таңдалған ұсталыммен бірден көресіз. Мұндай шағын камера үшін айтарлықтай үлкен әрі анық көрсеткіш тетік те іс жүзінде таптырмайтын зат екен. Ол GH4 камерасындағы көрсеткіш тетіктен кіші емес сияқты – мұндай өлшемдермен қолмен фокустау ешқандай қиындық тудырмайды.

LUMIX LX100 ТУРАЛЫ

Қолмен басқарудың әмбебаптығын біріктіре отырып, ең заманауи LX100 сенсоры мен объективі сізге шынайы шығармашылық шабыт сыйлайды.

  • Өлшемі 4/3 дюйм болатын, сезімталдығы жоғары MOS-сенсоры
  • F1.7-2.8 Leica DC Vario-Summilux 24-75 мм объективі
  • Қолмен басқару
  • 4К пішіміндегі бейне
  • Ажыратымдылығы жоғары көрсеткіш тетік
  • Ручная фокусировка с подсветкой, точечная фокусировка, ручной выбор максимальной фокусировки
LUMIX LX100 ТУРАЛЫ