Біз сайт жұмысын жақсарту және тиімділігін арттыру үшін cookie-файлдарын қолданамыз. Басу арқылы ҚАБЫЛДАУ немесе сайтты қарауды жалғастыра отырып, сіз cookies файлдарын пайдалану ережелеріне сәйкес cookie файлдары мен пайдаланушы деректерін өңдеуге келісім бересіз. ҚАБЫЛДАУ
UC платформасы – маңызды бизнес үшін маңызды шешім
KX-NSX UC-платформалары әлемнің кез келген нүктесінен еркін және жайлы іскерлік қарым-қатынас құруға арналған телефония саласындағы жаңа технологиялардың барлық артықшылықтарына ие.
Орталықтандырылған басқару мүмкіндігі бар желілік жүйе
KX-NSX Uс-платформалары 2000 абонентке дейін қолдау көрсетеді және орталықтан басқару мүмкіндігімен KX-NS сериялы 32 IР-платформаға дейін бірыңғай желіге біріктіруге мүмкіндік береді. Мұндай жүйеде KX-NSX әрдайым орталық басқарушы элемент болып табылады. Желілік құрылымның кез келген элементін баптауды және басқаруды ыңғайлы Web-интерфейсі арқылы қашықтан жүзеге асыруға болады. Жалпы жүйенің барлық абоненттері хабарларды бөлісе алады, қысқа ішкі нөмірлер бойынша қоңырау шала алады. KX-NSX негізіндегі желілік жүйеге ішкі абоненттердің 128 тобына дейін (тенант-тобы) және тағы басқалармен қолдау көрсетіледі.
Ендіру кезінде инвестицияларды сақтау
UС-платформасын ендіру бойынша жобалардың өтелу мерзімдері компанияда бар IР-инфрақұрылымның және өз класындағы бәсекеге қабілетті бағаның негізінде жүйені өрістету мүмкіндігінің арқасында минималды. Қосымша кеңейту (шлюздарды) блоктары ретінде, мысалы, компанияда бұрын орнатылғандар, IP-АТС Panasonic KX-NS, KX-TDE/TDA600/620 немесе KX-TDA100D қосу мүмкіндігі KX-NSX ендіру кезінде бұрын орнатылған жабдықтың, оның ішінде терминалдардың барлығына жуығын пайдалануға мүмкіндік береді.
Икемділік
Қажет болған жағдайда, KX-NSX UС-платформаларының сыйымдылығын немесе функционалын жай ғана белсендіру кілттерін қосу арқылы кеңейтуге болады, бұл компанияның ағымдағы және болашақ міндеттері үшін барынша икемді телефон жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Сенімділік
KX-NSX UС-платформалары нақты уақыт режимінде жүйені резервтеу есебінен жоғары сенімділікке ие. Негізгі блокпен (жұмыс блогы) қосылымның уақытша үзілуі кезінде жүйе кеңсеңізде үздіксіз байланысты қамтамасыз ете отырып, резервтік блокқа автоматты түрде ауысады. Жүйенің тіркелген деректері негізгі және резервтік блок арасында синхрондалады. Мұндай режимде жүйе 30 күнге дейін жұмыс істей алады.
Кірістірілген байланыс орталығы
UC платформалары колл-орталықтың ендірілген барлық қажетті функцияларына ие, мысалы: нақты уақыт режимінде жұмысты бақылау, сөйлесулерді жазу, абонентке кезектегі орны мен жауапты күту уақыты жайлы хабарлаудың автоматты жүйесі және есептерді жасау.
Біз сайт жұмысын жақсарту және тиімділігін арттыру үшін cookie-файлдарын қолданамыз. Басу арқылы ҚАБЫЛДАУ немесе сайтты қарауды жалғастыра отырып, сіз cookies файлдарын пайдалану ережелеріне сәйкес cookie файлдары мен пайдаланушы деректерін өңдеуге келісім бересіз. ҚАБЫЛДАУ